logo
search
menu

Ақмола облысында 13 жасар жасөспірім жол апатын жасап, екі адам зардап шекті

Ақмола облысында жол апатынан 13 жасар бала қаза тапты
1 қараша, 2023
Ақмола облысында 13 жасар жасөспірім жол апатын жасап, екі адам зардап шекті

Мазмұны

    Ақмола облысында көлік басқарған 13 жасар жасөспірім жол апатын жасап, екі адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды taulik.kz.

    Департаменттің мәліметінше, жол апаты Зеренді ауданы аумағында «Көкшетау-Омбы» автожолының 24-шақырымында болған.

    Анықталғандай, «Volkswagen Passat» автокөлігінің рөліне отырған Қызылтаң ауылының 13 жастағы тұрғыны жолдың бұрылар тұсында Көкшетау қаласынан Аймақ ауылы бағытында жүріп келе жатқан «Lada Priora» көлігіне жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысып, жасөспірім «тобық тұсының соққысы, ми шайқалу» диганозымен ауруханаға жетікізілді. Сонымен бірге, оң қолынан соққы алған «Lada Priora» көлігінің жүргізушісі де дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Жасөспірімнің қасында 44 жастағы әкесі бірге болған.

    «Осы оқиғаға байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 412-бабы (құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.