Мәзір
18 тамыз, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Фашизм бейнесі: Ресей әскері Харьковтегі жатақханаға зымыранмен шабуыл жасады

Фашизм бейнесі: Ресей әскері Харьковтегі жатақханаға зымыранмен шабуыл жасады

Фашизм бейнесі: Ресей әскері Харьковтегі жатақханаға зымыранмен шабуыл жасады Фашизм бейнесі: Ресей әскері Харьковтегі жатақханаға зымыранмен шабуыл жасады
ашық дереккөзі
17 тамыз күні кешке Ресей әскері Харьков қаласындағы жатақханаға зымыранмен шабуыл жасады. Бұл туралы  облыстық мемлекеттік әкімшіліктің басшысы Олег Синегубов мәлімдеді.
«Соңғы мәліметтер бойынша, кем дегенде 7 адам қаза тауып, 13 адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында 11 жасар бала да бар. Жалпы жатақханада үш мыңнан астам тұрғын өмір сүрген. Бұл агрессордың дәрменсіздігін көрсететін сұмдық және ақымақ соққы болды»,–деді ол.
Қайғылы оқиғаға қала басшысы да түсініктеме берді.
«Тұрғын үйге мұндай соққы беруді ақтауға болмайды. Бұл әскери мақсат емес. Бұл қорқыту, геноцид, нағыз фашизм әрекеті», - деді Игорь Терехов.

Taulik.kz

Апта талқысында: