«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты

Шығыс Жезқазған кенішінің 57 шахтасында қайғылы жағдай болды

Рixabay / PiotrZakrzewski

«Қазақмыс» компаниясы Шығыс Жезқазған кенішінің 57 шахтасында қайғылы жағдай болды, деп хабарлады taulik.kz.

Компания осы оқиға салдарынан тау кен шебері көз жұмғанын мәлім етті.

«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылы 05 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болған жазатайым оқиға туралы өкінішпен хабарлайды. Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.

Loading...