Дағыстандықтар әлі де болса әуежайдағы еврейлерді іздеу жұмыстарын жалғастыра беретін секілді. Себебі дағыстандықтардың халық ақыны Расул Гамзатовтың немересі израиль паспортын алып, сол елдің азаматы атанды. Бұл туралы Taulik.kz хабарлайды.
Халық ақыны Гамзатовтың немересі Шахри Амирханова израиль паспортын көрсетіп, сол елдің азаматтығын алғанын өз әлеуметтік желісінде жариялады.
Ол инстаграм әлеуметтік желісінде паспортының суретін жариялап:
"Таңқалып тұрмын, мені сүйіспеншілікпен қабылдағандарыңызға рақмет, мақтанамын, жаңа үйім. Мен мақтанамын және осында екенімді қуанышпен жеткізгім келеді" деп жазған.
Амирханова 2023 жылдың ақпан айында Ресейден кетіп қалған.