Сингапур билігі салауатты өмір салтын ұстанатындарға ақша төлейтін заң қабылдады, деп жазады Taulik.kz.
Сингапур әлемдегі денсаулық сақтау индексі бойынша бірінші орындағы ел. Елдің басты мәдениеті ретінде тазалық пен гигиенаны қойған сингапурлықтар, осылайша елдегі өмір сүру сапасын, адамдардың даму капиталын арттырмақ.
Сингапур билігі адамдарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырудың керемет әдісін ойлап тапты, өйткені олар азаматтардың дұрыс тамақтануы, спортпен айналысуы, тұрақты ұйықтауы және бос уақытын белсенді өткізуі үшін ақша ұсынады.