logo
search
menu

Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді

Владимир Путин Мемлекет басшысымен келіссөз жүргізбек
9 қараша, 2023
Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді

Мазмұны

    Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды», - делінген хабарламада.

    Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

    Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы