Ауыз ойылғанда не істеуге болады?

Ауыз ойылуды медицина тілінде "стоматит" деп атайды

Негізінен, бұл ауру кішкентай балаларда жиі кездеседі. Ол әртүрлі инфекциялардың әсерінен пайда болады, соның ішінде ауыз қуысын дұрыс тазаламағандықтан және антибиотикті көп ішкендіктен де болуы мүмкін. Кейбір адамдарға тәтті тағамдар жақпағандықтан да жиі аузы ойылады.

Уылған ауызды қалай емдейді?
Ол үшін әуелі оның себебін анықтау керек. Егер сіз ауыздың кілегей қабығы жарақатынан уылғанын нақты білсеңіз, әрі ол онша алаңдатпаса, шамалы шыдай тұрсаңыз болады. Ауыздың аздаған ойылуы 3-5 күнде өздігінен кетеді. Ал, қалған жағдайлардың бәрінде тіс дәрігеріне көрінген жөн.

Тіс дәрігері Юлия Степанцова былай дейді: "Ауыз уылғанда оның себебін білмей өздігінен ем қабылдаудың қажеті жоқ. Оны өз бетіңізбен емдей алмайсыз. Мүмкін арнайы құрылғымен ауыз қуысын тазалау керек болады, ал инфекция салдарынан болса терапевт дәрігер ем тағайындауы тиіс. Мұндайда қажетті анализдерді тапсырып, берген дәріні қабылдау керек, олай болмаса инфекцияның көзі жойылмайды".

 

Loading...