Ұйқыңыз келе бере ме? – Бұл өте қауіпті

Ұйқының келе беруінің қандай себептері бар?

Адамның ұйқысы келе беруі нарколепсиядан хабар беруі мүмкін. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, психотерапевт, психолог, сомнолог Елена Колесниченко айтты, деп хабарлады taulik.kz.

Колесниченко нарколепсия кезінде ояу отырған уақыт пен ұйқы процестері арасындағы тепе-теңдік бұзылатынын айтты.

Сомнолог нарколепсия белгілері күндіз де, түнде де көрінуі мүмкін екенін айтты. Мұндай диагнозы бар барлық науқас күндіз шамадан тыс ұйықтайды.

Сонымен қатар, Колесниченко нарколепсиядан зардап шегетін адамда бір әрекеттер қайталана беретінін жеткізді. Мысалы, адам әңгімені тыңдауға тырысып, орынсыз дыбыстар шығара бастайды немесе дәрісті жазу кезінде сурет салады. Мұндай адамдарда түнгі ұйқысына қатысты да проблемалар туындайды немесе орынсыз күледі, бұлшықеттердегі әлсіздік те болуы мүмкін.

Loading...