Мәзір

Франция Сирия президентін қамауға алуға ордер берді

Ордерден бөлек, Асад пен серіктестеріне айып тағылды

Франция Сирия президентін қамауға алуға ордер берді Франция Сирия президентін қамауға алуға ордер берді

Франция Сирия президенті Башар Асадты қамауға алу жөнінде ордер шығарды, деп хабарлайды Taulik.kz Azattyq радиосына сілтеме жасап.

Асад және тағы үш серіктесіне халыққа қарсы тыйым салынған химиялық қару қолданды деген айып тағылды.

Мұның алдында 2013 жылы Шығыс Гута ауданына және Дума қаласында химиялық қару қолданылды деген екі оқиға зерттелген. Сол кезде кемінде 3 мыңнан астам адам қаза болған.

Францияда тергеу 2021 жылдың наурызында, шабуылдан тірі қалғандардың арызынан кейін басталған. Құқық қорғаушылардың сөзінше, бір елдің басшысын қамауға алу жөніндегі бұйрықты өзге елдің басшысы алғаш рет шығарып отыр.

2013 жылы Сирия Химиялық қаруға тыйым салу ұйымына қосылған. Ұйым Дамаскіні азаматтық соғыста химиялық қару пайдаланды деп бірнеше рет айыптаған. Сирия билігі айыптарды теріске шығарып келген.

Апта талқысында: