Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі Тойгүл Нұржанқызы ұшақ кешіккен кезде жолаушылардың қандай нәрсені талап ете алатыны туралы айтты, деп хабарлайды taulik.kz.
Оның айтуынша, қазақшылыққа салмай, бәрін құжат жүзінде бекітіп, арызданып, шағым түсіру керек дейді. Әлеуметтік желіде шулатып, айғай шығарғаннан пайда жоқ екенін, оларға нақты құжат, арыз керек екенін айтты. Яғни кез келген әуе компания өздеріне жүктелген міндеттемені орындайды деп отыр.