Оралда жасөспірім терезеден құлап, комаға түсті

Бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен

11 желтоқсанда көпқабатты үйлердің бірінде оқиға орын алып, салдарынан 11 жасар жасөспірім терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Taulik.kz.

Зардап шеккен бала дереу жергілікті көпсалалы қалалық ауруханаға қажетті медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта ол коматозды жағдайда және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Loading...