31 желтоқсан күні Атырау қаласының полиция бөлімшесіне анасының оқыс жағдайда қайтыс болғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды taulik.kz.
Криминалист пен жедел тергеу тобы үйге келген кезде жуынатын бөлемде жатқан 76 жастағы әйелдің денесін көрген. Алайда келген топ әйелдің әлі де болса тамырында тынысын соғып тұрғанын біліп, бірден жедел жәрдем шақырған. Кейін әйелді дәрігерлерге тапсырған.