«Крокус сити холл»: шабуылдан қаза тапқандар саны 115-ке жетті

Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында "Крокус Сити холл" концерт залында "Пикник" рок тобының концерті басталар алдында атыс болды.

Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында "Крокус Сити холл" концерт залында "Пикник" рок тобының концерті басталар алдында атыс болды.

Белгісіз қарулы топ "Крокус Сити холл" концерт залына 22 наурыз кешке – мыңдаған адам жиналған концерт басталар кезде шабуыл жасаған. Әлеуметтік желіде тараған видеолардан қарулы топтың ғимарат ішінде жүргені, кездескендердің барлығына оқ жаудырғаны көрінеді. Шошынған жұрт жүгіріп, сыртқа шығуға ұмтылған. Ғимаратта кемінде екі жарылыс болып, өрт тұтанған.

Атыс кезінде "Крокус Сити холда" 6200-ге дейін адам болған. Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, Крокус Сити Холлдағы теракт салдарынан қаза тапқандар саны 115-ке жеткен.

БАҚ: 4 террорист ұсталды

Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) директоры Александр Бортников Владимир Путинге 11 адамды, оның ішінде "Крокус Сити холлда" болған 4 террористің ұсталғаны жөнінде баяндама жасады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Бортников Путинге "Крокус Сити холлда" шабуыл жасағандардың көмекші базасын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған. 

Ал Baza ақпарат көзі алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандардың бірі - Душанбенің 19 жастағы тумасы екенін жазады. Оның жарақатынан сол көзі жабылмай қалып, ауруханаға жеткізілген.

 

Loading...