Мәскеудегі лаңкестік әрекет: Путин 24 наурызды «ұлттық аза тұту күні» деп жариялады

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу облысындағы "Крокус Сити Холлдағы" терактіге байланысты үндеу жасады.

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу облысындағы "Крокус Сити Холлдағы" терактіге байланысты үндеу жасады. 

"Болған оқиға мұқият жоспарланған қанды теракт болды.

Орындаушылар, ұйымдастырушылар және тапсырыс берушілер жазаланады.

Теракт жасағандар түгел ұсталды. Олар Украина шекарасына қарай қашып бара жатқан. Украина оларды өз шекарасы арқылы өтуге көмектеспек болған",- деді ол өз сөзінде.

Путин қайғылы оқиғада туыстары мен жақындарынан айырылғандарға көңіл айтты.

 

Loading...