Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Су тасқыны: митингке шыққан Қоянды тұрғындарына айыппұл салынды

Ақмола облысында су тасқыны болып, ауылды су басқан. Кейін ауыл тұрғындары наразылық білдірген. Шенеуніктердің жұмысына көңілі толмаған халық митингіге шығып, тас жолды жауып тастады.

Су тасқыны: митингке шыққан Қоянды тұрғындарына айыппұл салынды

Ал халыққа рұқсатсыз митингіге шыққандары үшін айыппұл салынды. Ақмола облыстық сотында хабарлауынша, митингіге қатысқан алты адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 110-нан 184 мың теңгеге дейін айыппұл төлеу міндеттелген.

«2024 жылғы 26 ​​наурызда Қоянды ауылында азаматтар әкімдіктің хабарламасынсыз және рұқсатынсыз ұйымдасқан митингіге қатысып, заң талаптарын бұзған. Олар 488-баптың 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулыларымен әрбір құқық бұзушыға 30-дан 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Әйелдерге кәмелетке толмаған балаларының бары ескеріліп, айыппұл мөлшері 30%-ға азайтылды», деп хабарлады Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Бұл ретте сот екі әкімге – Ақмола облысы мен Целиноград облысының әкіміне су тасқыны аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі нашар жұмысы үшін Қоянды әкіміне шара қолдану туралы жеке қаулы шығарды.