Жасанды интеллект туралы заң: Қай сала мамандары жұмыссыз қалады

Спикерлерге “жасанды интеллект дамыса кей сала мамандары жұмыссыз қала ма” деген сұрақ қойылды.

“Жасанды интеллекті дамыту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралардың бірі – адами капиталды дамыту. Ол – соңғы трендтегі технологияларды игеру. Жасанды интеллект, керісінше, жаңа технологиялар арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді. Артық болмаса кем болмайды”, – деп атап өтті инновациялық саясат басқармасының бас сарапшысы Саясат Нұрбақытбек. 

Оның сөзінше, кей мамандарға сұраныс төмендеуі де мүмкін. Бірақ жаңа технологияларды енгізу кезінде сол мамандардың көмегі қажет болады. 

“Қазір басқа қандай мамандықтарға ауысуға болады деген сұрақ зерттеліп жатыр. Жасанды интеллектпен интеграцияланған мамандықтар бар. Қандай мамандықтар екенін ашып айта алмайыз. Бірақ дүниежүзі бойынша осындай зерттеу жүргізіліп жатыр. Бізде мұндай зерттеу жоқ”, – деп түсіндірді спикер. 

Инновацияны дамыту департаменті директоры Дархан Мырзабаевтың сөзінше, бұл үрдіс жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. 

“Жасанды интеллект қандай да бір қызметтердің орнын баспайды, бірақ толықтыратынын түсіну керек. Мәселен, кеңесшілердің қызметін алар болсақ, ЖИ ақпаратты әлдеқайда жылдам табады. Аудармашыларға келер болсақ, олардың жұмысын толық алмастыра алмайды. Керісінше, мәтінді тексеру, бағалау сынды жаңа міндеттер пайда болады”, – деп жауап берді Мырзабаев. 

 

Loading...