Вьетнамдық миллиардер алаяқтық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді

Ол ірі қаржылық алаяқтық жасаумен айналысқан

Вьетнамда жылжымайтын мүлік саласындағы ықпалды тұлға ретінде танымал Чыоң Ми Лан алаяқтық, қаржы жымқыру және пара алу сияқты ауыр қаржылық қылмыстарға кінәлі деп танылды. 11 сәуірде Хошимин қаласының соты ел тарихындағы ең ірі қаржылық алаяқтық ісі бойынша оған өлім жазасын берді. Себебі, ол алаяқтық арқылы банктік ережелерден жалтарып, ірі көлемдегі ақшаны жымқырған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 2012 жылдан 2022 жылға дейін ол Сайгон Коммерциялық банкін (SCB) ондаған адам арқылы басқарып, бұл қаражатты мыңдаған белгісіз компаниялар арқылы аударып, мемлекеттік шенеуніктерге пара берген. Айыптаушы тараптың айтуынша, 2018 жылдың басынан бастап 2022 жылғы қазанға дейін үкімет SCB-ге қаржылық көмек көрсетіп жатқан кезде, Лан бір мезгілде ірі компанияларға заңсыз несиелер беріп, ірі соманы жымқырған.

Ал BBC-дің жазуынша, әдетте ым-жымын білдірмейтін елдің коммунистік билігі бұл жолы бұқаралық ақпарат құралдарына жағдайды ашық айтып отыр. Сот процесінде 2700 куәгер шақырылып, іске 10 мемлекеттік айыптаушы мен 200-ге жуық адвокат қатысқан.

«Ол көптеген жеке тұлғалар арқылы SCB акцияларының 91,5% - ын жанама түрде иеленген, банк басшылығына «Van Thinh Phat» компанияларына несие беруді бұйырған. Ол SCB офицерлеріне жалған компанияларға қаржы аударуды тапсырған, содан кейін қолма-қол ақшамен алған. 2012 жылдан 2022 жылға дейін Лан және оның сыбайластары 2500 несие алып, банкке $44 млрд шығын келтірді. SCB-дегі құқық бұзушылықтарды жасыру үшін Лан өзінің қарамағындағыларға Вьетнам Мемлекеттік банкінің аудиторларына пара беруді бұйырды», - делінген желгілікті басылымның хабарламасында.

Loading...