Боранбаевтың қонақ үйі қайтадан сатылымға шығарылды

Боранбаевтың қонақ үйі қайтадан сатылымға шығарылды

qaz365

Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Боранбаевтың мемлекетке қайтарған Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін қайтадан сатылымға шығарды.

Қайрат Боранбаев қонақ үйді өзін тергеумен келісімге келген кезінде мемлекетке қайтарған. Алғаш сатылымға қойылған кезде сауда-саттыққа қатысуға ешкім ниет танытпағандықтан, қонақүй қайтадан сатылымға шығарылып жатыр.

Екінші тендер 25 сәуірде өтеді, бастапқы құны - 3 919 431 715 теңге. Шарттарға сәйкес, жаңа иесі нысанның мақсатын өзгерте алмайды. Бұдан басқа, үміткерден Қазақстанда қонақүйлерді басқарудың кемінде жеті жылдық тәжірибесі талап етіледі.

Еске салайық, 2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ жымқыру және ақшаны жылыстату ісі бойынша үкім шығарды. Ол мүлкі тәркіленіп, президентке оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныспен және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Loading...