Сот процесі кезінде бүгін экс-министрдің адвокаты Ерлан Ғазымжанов екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа сұрақ қоймақ болды. Алайда судья Айжан Көлбаева сұрақтардың бірнеше рет қайталанып жатқанын ескертті.
Бишімбаев Байжанов сотта өзін "ауылдың аңқау баласы ретінде көрсеткісі келетінін" айтады. Сондай-ақ ол Байжановтың талап қойғанын айтты.
"Байжанов менен "вип-залға қайта-қайта кіргенін жасырғысы келіп, маған солай айт" деп отыр. Нашатырмен байланысты оқиғаны өздеріңіз өзінен нақтыладыңыздар. Ал менен сұрамадыңыздар. Мәселе мынада: ол випзалға сол нашатыр спиртімен кірді де, сол банкіні қайта алып шықты. Ол оны қалай қолданғанын да білмеймін. Ол сол жерде 5 минуттай болды. Сол уақыттан бері, бес ай бойы мен одан құжаттарды талап етіп келемін. Ал ол маған "егер өз жауабыңызда сол випзалда болғанымды айтпасаңыз ғана беремін" дейді. Ол випзалда 5-6 минут болды, Нүкенова ұйықтап, қорылдап жатқанын көрді", - дейді ол.