Ресейдің экономикалық экспанциясы басталды - Досым Сәтбаев

Сәтбаев Қазақстанның Кремль үшін маңызын бірнеше фактормен түсіндіріп берді.

Сарапшылар Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың маңызды тұстарын түсіндіріп берді. Бүгінде Қазақстан көршілес елде соғыс пен санкция жүріп жатқан кезде тепе-теңдікті сақтауға тырысып отыр. Бұл туралы саясаттанушы Досым Сәтбаев Қазақстанның Кремль үшін маңызын бірнеше фактормен түсіндіріп берді. 

Сарапшының пікірінше, біріншіден, Мәскеу Қытаймен белсенді қарым-қатынас жасағысы келсе, онда Орта Азиядағы позициясын одан әрі нығайтуы керек екенін түсінеді. Екіншіден, Ресей санкцияларды айналып өту саясатының бір бөлігіне айналдыру үшін Қазақстан экономикасында ықпалын күшейтуге ниетті.

"Ресейдің Қазақстанға белсенді экономикалық экспансиясы жүріп жатыр, бұл біз үшін елеулі геосаяси қауіп туғызады. Ресейлік компаниялар елдегі позициясын белсенді түрде нығайтып жатқанын көріп отырмыз, бұл өте-мөте қауіпті үрдіс. Олардың ішінде "Газпром", "Лукойл", "Росатом" секілді алпауыттар бар. 2019 жылы Қазақстанда 7 мыңға жуық ресейлік компания болса, қазір олардың саны 20 мыңға жуықтап қалды. Кейбір қазақстандық олигархтар соңғы уақытта өз активтерін ресейлік бизнеске жаппай сата бастады", - деді ол.

Тағы бір сарапшы Сергей Коновалов Ресей Федерациясы үшін Қазақстанның адал болып қалуы маңызды екенін мәлімдеді. Бірақ Астананың Мәскеуден белгілі бір қашықта болуы ресейліктер үшін артықшылықтарға ие екен.

Сонымен қатар, ол Қазақстан соғыс пен санкция, бір жағынан интеграциялық бірлестіктер аясындағы тығыз өзара іс-қимыл жасайтын өте күрделі дипломатиялық партияны ойнап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның сыртқы берешегі 4 миллиард долларға артқаны туралы ақпараттар тарады. Ұлттық банктің дерегінше 2024 жылы елдің сыртқы қарызы 163 миллиард доллар болған, бұл осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда бірнеше миллиардқа көп. Соның ішінде Ресейге берешегі көп болып шықты.

Loading...