Иран президенті Раисидің тікұшағы апатқа ұшырады

Оқиға орнына көптеген құтқарушылар жіберілді.

19 мамыр, 2024 жыл - Ирандық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир-Абдоллахиян мінген тікұшақ апатқа ұшырады.

Апат кезінде тікұшақ үш тікұшақтан құралған колоннаның құрамында болған. Олар Әзірбайжан-Иран шекарасындағы «Qız Qalası» жаңа су қоймасының ашылу салтанатынан және «Xudafərin» гидроузлының пайдалануға берілу рәсімінен оралып келе жатқан еді.

Екі министрді тасымалдаған басқа тікұшақтар апатсыз жерге қонғанымен, президент мінген тікұшақ белгісіз себептермен апатқа ұшыраған. Кейбір телеграм-арналардың мәліметінше, апаттың себебі тұманды ауа райы болуы мүмкін.

Оқиға орнына көптеген құтқарушылар жіберілді. Дегенмен, ресми ақпарат көздері бұл жаңалықты әлі растамады және теріске шығармады.

Айта кетерлігі, осыдан біраз уақыт бұрын Әзірбайжан-Иран шекарасында Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Иран президенті Ибрахим Раисидің кездесуі өтті.

Loading...