Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының басшысы қызметінен босатылды

Перизат Қайратқа 1,5 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды

Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының басшысы қызметінен босатылды
Фото: ашық дереккөз

Перизат Қайрат Пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен қуылды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. 

«Перизат Қайрат ұсталуына және оған қатысты тергеу жүргізіліп жатуына байланысты бұдан былай бұл ұйымның президенті емес. Мұндай шешім федерацияның 14 қарашадағы кезектен тыс жиынында қабылданды», - делінген хабарламада.

Ұйымның мәлімдеуінше, Перизат тағайындалғаннан бері бірде-бір рет жиналыс өткізбеген және бұйрық шығармаған. 

Еске салайық, қоғамдық қайырымдылық қор құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.