Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Тәуелсіздік туралы қанатты сөздер, нақыл сөздер

Тәуелсіздік туралы ойшылдардың қанатты сөздері, нақыл сөздері

Тәуелсіздік туралы қанатты сөздер, нақыл сөздер
Фото:depositphotos.com

Тәуелсіздік – әр халықтың ең асыл қазынасы, ең биік мұраты. Бұл күн – тарихымыздың тағылымы мен халқымыздың қажырлы еңбегінің жемісі. Тәуелсіздік күнін тойлай отырып, ұлы дала ұрпақтарының жүрегінен шыққан асыл ойларды, қанатты сөздерді еске түсіру – рухты көтеріп, елге деген сүйіспеншілікті арттырудың жарқын жолы. Бұл топтамада ел мен еркіндікке, бірлік пен болашаққа арналған қанатты сөздер жинақталды. Әрбір сөз өз болмысыңды қайта саралап, Отанға деген мақтаныш сезімін оятатыны сөзсіз. Тәуелсіздік рухын бірге сезінейік!

Қоршаған орта бізді істегіміз келмеген нәрсені жасауға итермелейді. Тек өте аз адамдар тобы ғана стереотипті жеңуге қауқарлы. (Белгісіз автор)

***

Ағысқа қарсы жүзгенде ғана еркін ойдың не екенін түсінесің. (Белгісіз автор)

***

Құл ешқашан тәуелсіз болуға ұмтылмайды, оның арманы – өзге құлдардың үстінен қарау. (Габриэль Лауб)

***

Адам алаң үшін емес, тәуелсіздік үшін жаралған. (Спартак)

***

Кейде тәуелсіз ой біз ұйықтап жатқанда оянады. (Леонид С.Сухоруков)

***

Біз Италияны құрадық, енді италиялықтарды жасап шығарайықшы. (Камилло Кавур)

***

Өз өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады. (Георгий Александров) 

***

Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған. (Люк де Копье Вовенарг)

***

Нағыз еркіндік – жалғыз қалу. Сол кезде ғана ешкімге тәуелді болмайсың, саған да ешкім тәуелді болмайды. (Белгісіз автор)

***

Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты. (Цицерон)

***

Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады. (Әлихан Бөкейхан)

***

Еркіндік – жалаңаш. (Олжас Сүлейменов)

***

Жантебіреніс: Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік – енді бүгін теңелдік! (Әлихан Бөкейхан)

***

Кіріптарлықтың астарында көп еркіндік жатуы мүмкін, тəуелсіздік дегеніміз – шын мəніндегі құлдық болып шығуы да мүмкін. (Роберт Вальзер)

***

Алыстан «Алаш» десе – аттанамын,
Қазақпын – «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!