iPhone 14 қашан шығатыны белгілі болды

iPhone 14 қашан шығатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Apple компаниясы 7 қыркүйек күні жаңа құрылғыларды таныстыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Daily Mail порталымына сілтеме жасап. iPhone 14 смартфондары мен тағы басқа өнімдерді ұсынатын Apple компаниясының іс-шарасы туралы Bloomberg басылымы хабарлаған болатын. Компанияның іс-шараны онлайн трансляцияда көрсететіні айтылды. Іс-шарада iPhone 14, iPhone 14 Max, iPhone 14 Pro және iPhone 14 Pro Max смартфондары, Apple Watch-тің үш жаңа моделі және жаңа iPad таныстырылады. Сонымен қатар iPhone 14 қыркүйектің ортасында сатылымға шығады деген болжам бар.

Loading...