Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
21 қараша, 2024 / Көрместі Көрген / Қоғам

«5 млрд теңге бөліп, бірінші болмай-ақ қойдық»: Қызылорда әкімі «Қайсарды» сынады

Қызылорда әкімі жергілікті клубтың бюджетіне қатысты пікір білдірді

«5 млрд теңге бөліп, бірінші болмай-ақ қойдық»: Қызылорда әкімі «Қайсарды» сынады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев "Қайсар" футбол клубының бюджеті туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Taulik.kz.

"Сырттан келген ойыншыларға босқа ақша төлегеннен гөрі тұрғындар пайдалы маңызды жобаларды қолға алғанымыз жөн. Маған да клубтың басшысы келіп, "қаражатты көбейтсек, бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз, бірінші орын аламыз" дейді. Бюджеттен 5 млрд теңге бөліп, бірінші болмай-ақ қойдық дедім. "Қайсар" – бюджеттен ең аз қаражат қарастырылған команда, мен оны мойындаймын. Бюджет жағынан ең төменгі орындарда тұрғанымыз анық. Бірақ сол ақшаны ауылдарда спортты дамытуға бөлгеніміз дұрыс. 80 спорт алаңы салынды. Стадион салынып жатыр. Спорт кешендері салынып жатыр. Біздің мақсат – қалаға көрік беретін ғимараттар емес, қаракөздерімізді тәрбиелейтін, пайдасы тиетін нысандар салу", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында қызылордалық "Қайсар" клубы 34 ұпай жинап, 8-орынды еншіледі.