Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
27 қараша, 2024 / taulik / Жаңалықтар

Президенттің мақаласында айтылған негізгі деректер мен сандар

Президенттің  «Известия» газетіне жарияланған мақаласындағы негізгі деректер мен сандар қандай? Олардың маңызы мен ерекшеліктерін ұсынып отырмыз. 

Президенттің мақаласында айтылған негізгі деректер мен сандар
Фото: Akorda.kz

Президент Қ.К Тоқаевтың Ресейде шығатын «Известия» газетіне жарияланған мақаласындағы негізгі деректер мен сандарды топтастырып, назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

1. Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Ресей компанияларының саны: Қазақстанда 23 мың компания жұмыс істейді, оның 4 мыңы соңғы бір жылда құрылған.

Инвестиция көлемі:

2023 жылы Ресей компаниялары Қазақстанға 3 миллиард доллардан астам инвестиция салған.

Қазақстан да Ресейге шамамен осындай көлемде инвестиция құйған.

Жобалар саны:

Бұрын іске қосылған жобалар: 90-нан астам, жалпы құны 18 миллиард доллардан астам.

Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан жобалар: 49 жоба.

2. Аймақтық ынтымақтастық

Шекара маңы тұрғындары: Екі елдің шекара маңында 32 миллион адам тұрады.

3. Білім саласы

Ресейде білім алып жатқан қазақстандық студенттер: 60 мыңға жуық.

Қазақстанда орыс тілінде білім беретін мектептер: 3500-ден астам.

4. Мәдени-гуманитарлық байланыс

2026 жылы Қазақстанда Ресей бастамасымен «Болашақ ойындарының» кезекті сайысы өткізілуі мүмкін. Ұсыныс айтылды. 

5. Интеграциялық құрылымдар мен халықаралық ынтымақтастық

Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасында интеграцияны дамыту нәтижесінде құрылған жобалар табысты жүзеге асырылуда.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде жаңа қауіпсіздік архитектурасы туралы декларация қабылданды.

6. Энергетика және инфрақұрылым

Қазақстанда салынған үш жаңа жылу электр орталығы және Екібастұз ГРЭС-ін жаңғырту.

Газбен қамтамасыз ету және Ресей энергетикалық ресурстарының экспортын оңтүстік және шығыс бағыттарға кеңейту.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығын бірлесіп атап өтуге дайындық.