Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
27 қараша, 2024 / Көрместі Көрген / Саясат

Қытайдың қорғаныс министрі тергеуге алынды: ол пара алды деп айыпталды

Қытайдың қорғаныс министрі Дун Цзюнь парақорлық айыбы бойынша үлкен тергеуге алынды, деп хабарлайды Taulik.kz.

Қытайдың қорғаныс министрі тергеуге алынды: ол пара алды деп айыпталды
Фото: Edgar Su / Reuters

Financial Times (FT) хабарлауынша, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ҚХАА басшылығының сыбайлас жемқорлық істеріне қатысты тергеулерді бастады, ал Дун Цзюнь «осы науқанның құрбанына айналған». Министрге нақты қандай айыптар тағылғаны белгісіз. Қытайдың Вашингтондағы елшілігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Бұл Қытайда сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінген үшінші қорғаныс министрі болып отыр. Дун Цзюнь бұл қызметте небәрі жеті ай қызмет атқарған генерал Ли Шанфуды алмастырған еді. Ли Шанфу да дәл осындай айыптаулармен тергеуге алынған болатын.

АҚШ әскери қолбасшылары мен шенеуніктерінің FT-ке берген пікірінше, ҚХАА басшылығына қатысты тергеулер Си Цзиньпиннің өз қарулы күштеріне деген сенімін әлсіретіп, Тайваньға 2027 жылға дейін басып кіру әлеуетін қалыптастыруға қабілетті ме деген сұрақтарды туындатады. Бұл мақсат туралы бұған дейін Орталық барлау басқармасы (CIA) хабарлағанымен, Си Цзиньпин оны ресми түрде растаған жоқ. Дегенмен, ол Тайваньмен бірігуді «тарихи қажеттілік» және «болмай қоймайтын құбылыс» деп атаған.