logo
search
menu

Той алдындағы трагедия: қалыңдықты толқын теңізге алып кетті (ФОТО)

Той алдында теңіз жағасында суретке түсіп, медитация жасамақ болған жас қалыңдықты толқын ұрып, теңізге алып кетіп, қаза тапқан. 

9 желтоқсан, 2024
Той алдындағы трагедия: қалыңдықты толқын теңізге алып кетті (ФОТО)
Коллаж Taulik.kz

Мазмұны

    2024 жылдың 29 қарашасында Таиландтың Самуи аралында 24 жастағы новосібірлік модель Камилла Белятская қайғылы жағдайда қаза тапты. Ол болашақ күйеуімен бірге армандаған жағажайдағы үйлену тойын өткізу үшін аралға келген болатын. Трагедия күні Камилла тойға қатысты негізгі мәселелерді шешіп, сүйікті орны — Lad Ko Viewpoint қарау алаңына жалғыз өзі медитация жасауға барған. Алайда, бірнеше минуттан кейін оны толқын соғып, теңізге алып кетті. Құтқарушылар дауыл салдарынан техникаларын ангарда сақтап, көмек көрсете алмады. Камилланың денесін жақын маңдағы қонақүй қызметкерлері судан алып шықты.

    Толқын және жағадағы отырған моделдің соңғы суреті. Фото: Mash

    Камилла 2000 жылы 23 наурызда Новосібірде дүниеге келген. Мектепті алтын медальмен бітіріп, Новосібір облыстық мәдениет және өнер колледжіне оқуға түскен. Ол модельдік бизнесте және театр сахнасында өзін танытып, әлеуметтік желілерде шығармашылық жетістіктерімен бөлісіп отырған.

    Камилла. Фото: Mash

    Камилланың болашақ күйеуі, 47 жастағы Григорий Анохин, қайғылы оқиғаны жаңалықтардан біліп, бірден оқиға орнына жеткен. Ол Камилламен бес жыл бірге болып, үйлену тойын жоспарлағандарын айтты.

    Фото: Mash

    Камилланың денесі 4 желтоқсанда буддистік дәстүр бойынша кремацияланып, оның күлі мұхит үстіне шашылды. Бұл оның соңғы қалауы болған.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы