logo
search
menu
Балқашта 55 жастағы ер адам өз үйінде өрттен қайтыс болды
Көрнекі фото: ҚР ТЖМ

Балқашта 55 жастағы ер адам өз үйінде өрттен қайтыс болды

Балқашта 10 желтоқсанда саяжай үйі мен шаруашылық құрылысы өртеніп кетті. Оқиға орнында 55 жастағы ер адам қайтыс болды, деп Taulik.kz тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт Балқаш қаласындағы Пригородная көшесінің маңында болған. Саяжай үйінің шатыры, терезе ойықтары мен есіктері, сондай-ақ шаруашылық құрылысы өртенген. Аулада, көлеңке астында тұрған көлік те толығымен жанып кеткен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнынан үйдің 55 жастағы иесінің өлі денесін тапқан.

От 100 шаршы метр аумаққа жайылып, толығымен сөндірілді. Оқиғаның себептері анықталуда.