Бейнежазбада жас күйеу жігіт қалыңдықтың туыстарына доллар таратты. Ақшаны көрген үлкен кісілер бірден қолдарын созып, күйеу баланы өздеріне шақыра бастады. Қолдағы ақша азайып, сұраушылар саны көбейгенде күйеу жігіт ақшаны шашып жіберді. Сол сәтте үлкен кісілер долларды ұстау үшін секіріп, ақшаны жинауға көшті.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бұл жағдайға қатысты пікірлері екіге бөлінді: "Ұят болды", "Иә, өте сүйкімсіз көрініс! Шетелдік жігіттің алдында мәдениетті болуға тырысу керек еді", "Оларды танымасам да, мен үшін ұят болды", "Қолдарын созып тұр... мұның бәрі өкінішті", "Неге сонша қорлану керек?!", "Жомарттық көрмедім, бірақ өзіміз үшін ұялып отырмын", "Бір топ шағала секілді жабылды, ұят-ай".