Оның айтуынша, кез келген дамыған қоғам электр энергиясын тұтынуды ұлғайтады.
"Биыл электр энергиясының құны айтарлықтай өсті. Және бұл баға әлі де көтерілуі мүмкін деп ойлаймын. Энергетика министрлігі сіздерге жеткізетін ұстаным есептеулермен негізделген болады, яғни барлық аймақтарда электр энергиясының құнының көтерілу себептері анық көрсетіледі", - деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар, ол электр энергиясын тұтыну индексі қоғамның даму көрсеткіші екенін атап өтті.
"Жыл сайын қалыпты дамыған қоғам электр энергиясын көбірек тұтынады. Шынында, жарықтандыру деңгейі елдің дамуын көрсетеді. Сондықтан жыл сайын электр энергиясын тұтыну табиғи түрде артады. Үйлерде қосымша құрылғылар сатып алынады, екінші теледидар, екінші тоңазытқыш орнатылады және солай жалғаса береді. Осыған орай, құны да өседі", - деп толықтырды вице-премьер-министр.
Сөз соңында ол электр энергиясын тұтынудың өсуі уақыт белдеуінің өзгеруімен байланысты емес екенін нақтылады.