logo
search
menu

Нұрқанаттың туыстары полицейлерге жеке хаттарды жариялауға рұқсат бермеген

Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Каржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы адвокат Асқар Қаймақов мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.

12 желтоқсан, 2024
Нұрқанаттың туыстары полицейлерге жеке хаттарды жариялауға рұқсат бермеген
Фото-коллаж: Ulysmedia.kz

Мазмұны

    Адвокат Асқар Қаймақовтың айтуынша, марқұм Нұрқанаттың туыстар полицейлерге жеке хат-хабарламаларды жариялауға келісім берген жоқ.

    «Талғар ісіне қатысты бірнеше мәлімдеме жасауды қажет деп санаймын. Біздің өкілдер полициядан Каржаубайды ұстауды сұрамады, бұл туралы полицейлер айтқан еді. Туыстары марқұм Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға келісім берген жоқ. Каржаубай Нұрымовқа қатысты соттың 15 тәулікке қамау туралы шешімі заңсыз деп есептейміз (сот барысында өрескел бұзушылықтар орын алған) және бұл шешімді апелляциялық тәртіпте шағымдандық. Бүгін Каржаубай Нұрымовқа қатысты ҚР ҚК 202-бабы (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын полиция хабарлады», – деп жазды адвокат Асқар Қаймақов бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.