logo
search
menu

Бүгін Талғар қаласының жаңа әкімі тағайындалады

Бүгін, 15 желтоқсан күні Талғар қаласында жаңа әкімді сайлау өтуде, деп хабарлайды Taulik.kz.

15 желтоқсан, 2024
Бүгін Талғар қаласының жаңа әкімі тағайындалады
Фото: rferl.org

Мазмұны

    Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін 26 сайлау учаскесінде өтеді. Жалпы, Талғар қаласында дауыс беруге құқылы 42 774 сайлаушы тіркелген.

    Қаланың жаңа әкімі лауазымына үш үміткер тіркелді:

    Арыстанбек Әбілқайырұлы

    • Жасы: 41
    • Партия: Amanat
    • Лауазымы: "Талғар Тұрғын үй" ЖШС басшысы

    Кәденов Жәнібек Жанболатұлы

    • Жасы: 33
    • Партия: Халық партиясы
    • Лауазымы: Талғар ауданы әкімінің аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы

    Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы

    • Жасы: 42
    • Өзін-өзі ұсынған кандидат
    • Лауазымы: Бесағаш ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекшісі, Талғар ауданы әкімінің орынбасары

    Талғардың бұрынғы әкімі Бақыт Күрішбеков қазан айында қызметінен босатылған еді. Оның отставкасы кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың қайғылы өліміне байланысты қабылданды.