Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елімізде 181 сәби өмірге келген.
Дүниеге келген сәбилердің ішінде 105 ұл бала мен 76 қыз бар. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында егіздер тіркелді.
Жаңа жыл түні сәби саны бойынша көш бастап тұрған Түркістан облысында 34 бала өмірге келді. Екінші орынды Алматы қаласы мен Алматы облысы бөлісті – әрқайсысында 17 нәресте дүниеге келді. Үздік үштікті Шымкент қаласы аяқтап, 16 жаңа туған сәбимен отбасылар қуанышын еселеді.
Елордада Жаңа жыл қарсаңында 10 сәби дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылғы деректермен сәйкес келеді.