logo
search
menu

«Осылай қарғайтындай не істеппін?»: Ерке Есмахан хейтерлерге жауап берді

Өнер иесі өзінің демалысы туралы оқырмандарына әсерлі жазбалар қалдырғанымен, кейбір қолданушыларға бұл ұнамаған.

8 қаңтар, 2025
«Осылай қарғайтындай не істеппін?»: Ерке Есмахан хейтерлерге жауап берді
Фото: Instagram/erke_esmahan

Мазмұны

    Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Италияда демалыс өткізіп, Милан қаласынан Instagram парақшасында жаңа фотосуреттерін бөлісті.

    Желі қолданушыларының бірі Ерке Есмаханға сын айтып, жағымсыз пікір қалдырған. Ол әншіні "мақтаншақ" деп атап, оның Алланың жазасына ұшырайтынын меңзеген.

    "Мақтаншақ, Алла бір күні жазанды береді. Күте тұр", – деп жазды қолданушы.

    Бұл пікір Ерке Есмаханның ашуына тиіп, әнші бірден жауап қайтарды.

    "Осылай қарғайтындай не істеппін? Күте тұр деп қояды. Ал мен сізге бар жақсылықты тілеймін. Әркімнің сөзі өзіне айналып келеді деген қағида бар ғой. Қызметте жүрген, оқыған, қарапайым отбасыдан шыққан қыз сияқты. Бірақ сөздері қандай лас. Түсініксіз", – деп жазды Ерке.

    Өнер иесінің бұл жауабы оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Кейбіреулер Еркенің сабырлы әрі сыпайы жауабын қолдаса, басқалары желідегі мұндай пікірлерге назар аудармауға кеңес берді.