Өнер иесі асқар тауындай әкесін еске алып, оған деген сағынышын жеткізді. Ернар Айдар марқұм әкесінің өмірден өткенін қабылдау қиын екенін айтып, оның орны мәңгі жүрегінде сақталатынын жасырмады.
"Өткен жылдың 26 желтоқсанында, бейсенбі күні асқар тауым – әкешім өмірден өтіп, ертесінде қасиетті жұма күні жер қойнына тапсырылды. Бұл шындықты әлі де толық қабылдай алар емеспін. Ақиқатында, біз Алланыкі екеніміз рас және оған қайта ораламыз. Бірақ қимастық сезім жүректі өртейді. Әкешіме Алладан шексіз мейірім, Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) шапағат сұраймын. Жатқан жеріңіз жарық болып, Жаратқан Жұмақтың төрінен орын бұйыртсын", – деп жазды әнші.
Өнер иесі жыл сайын 1 қаңтар күні бүкіл әулетімен бірге анасының туған күнін атап өтіп, әкесінің ақ батасын алуды дәстүрге айналдырғанын еске алды.
"Анашым, сізге Алладан денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Сіз біздің тірегіміз, аман болыңыз. Баршаңызға амандық тілеймін", – деп аяқтады ол өз сөзін.