logo
search
menu

Шерзаттың ісі бойынша тергеу жұмыстары әлі аяқталмаған

ІІМ Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істің тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді.

10 қаңтар, 2025
Шерзаттың ісі бойынша тергеу жұмыстары әлі аяқталмаған
Видеодан скриншот

Мазмұны

    Ішкі істер министрлігі былтыр Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеген еді. Алайда, қазіргі уақытта тергеу жұмыстарының әлі жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігі.

    Министрлік мәліметінше, Алматы облысының полиция департаменті Талғарда болған кісі өлтіру оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғаған. Сонымен қатар, ұрлық, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау фактілері бойынша қосымша сегіз қылмыстық іс тіркелген.

    Қазіргі таңда іс бойынша 11 қатысушыға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылып отыр. Министрліктің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, ал тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.