logo
search
menu

Ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың несие қарыздары өтелді

Ақтау маңында ұшақ апатынан Әзербайжан азаматтарының несие міндеттемелері өтелді.

10 қаңтар, 2025
Ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың несие қарыздары өтелді
Фото: ТЖМ

Мазмұны

    Бұл туралы Әзербайжан банктері қауымдастығы мен Әзербайжан микрқаржыландыру қауымдастығының бірлескен мәлімдемесінде айтылды.

    «2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында Баку-Грозный рейсін орындаған «Azerbaijan Airlines» ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан экипаж бен жолаушылардың қаза болуы бүкіл әзірбайжан халқын да, банк қауымдастығын да қатты қайғыртты. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Әзербайжан Республикасы Орталық банкінің ұсынысы бойынша және Әзербайжан банктері қауымдастығының және Әзербайжан микроқаржы қауымдастығының (AMFA) бастамасы бойынша қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының банктерде және банктік емес несие ұйымдарындағы несие міндеттемелері тиісті ұйымдардың өз қаражаты есебінен толық көлемде есептен шығарылды», – делінеді бірлескен мәлімдемеде.

    Бұған дейін «Azerbaijan Airlines» компаниясының қайтыс болғандардың отбасына 11 млн теңгеден өтемақы төлейтіні хабарланған еді.