logo
search
menu

Жазушы Мұхтар Мағауин қайда жерленетіні мәлім болды

Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы АҚШ-тағы түріктердің мешітінде оқылып, жерлеу рәсімі Мэриленд штатында өтеді.

10 қаңтар, 2025
Жазушы Мұхтар Мағауин қайда жерленетіні мәлім болды
Фото: instagram.com/qasymkitap

Мазмұны

    85 жасқа қараған шағында өмірден озған жазушы, ғалым Мұхтар Мағауиннің жерлеу рәсімі АҚШ-та өтетіні белгілі болды. Бұл туралы IT маманы Тимур Бектұр Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Жазушының жаназасы қаңтардың 11-і, сенбі күні таңғы сағат 10:00-де Мэриленд штатындағы түріктердің Diyanet Center of America мешітінде (9610 Good Luck Rd, Lanham, MD 20706) оқылады.
    Қонақасы сол жерде сағат 13:00-де беріледі.
    Жерлеу рәсімі сағат 11:00-де Parklawn Memorial зиратында (12800 Veirs Mill Rd, Rockville, MD 20853) өтеді.