Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
13 қаңтар, 2025 / Көрместі Көрген / Әлем

Ұшақ апаты: «қара жәшікке» байланысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың "қара жәшіктеріндегі" соңғы төрт минуттық деректер жоғалған

Ұшақ апаты: «қара жәшікке» байланысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Фото: yna.co.kr

Оңтүстік Кореяда орын алған ұшақ апатына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Көліктегі қауіпсіздік ұлттық кеңесі апатқа ұшыраған B737-800 ұшағының "қара жәшіктеріне" жүргізілген талдау нәтижесінде, жазбалардың апатқа дейін шамамен төрт минут бұрын тоқтап қалғанын анықтаған.

Бұл жағдай тергеу барысын қиындата түсті. Алайда, мамандардың айтуынша, "қара жәшіктердегі" ақпарат тергеу үшін жалғыз дерек көзі емес. Қосымша мәліметтер ретінде әуе қозғалысын басқару жазбалары, оқиға сәтіндегі бейнежазбалар және апат орнынан алынған ұшақ қалдықтары зерттеліп жатыр.

Еске сала кетейік, 29 желтоқсан күні Jeju Air әуе компаниясының 7C2216 рейсі апатқа ұшырап, 179 адам қаза тапқан болатын. Ұшақта барлығы 181 адам болған: 175 жолаушы, 4 бортсерік және 2 ұшқыш.

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чхве Сан Мок елде 29 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Тергеу әлі де жалғасуда, ал мамандар апаттың нақты себептерін анықтау үшін жан-жақты жұмыстар жүргізуде.