logo
search
menu

Екі есе өседі: Қазақстан биыл студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы өседі

Білім және ғылым министрлігі 2025-2026 оқу жылында студенттердің шәкіртақысын екі есе ұлғайтады.

13 қаңтар, 2025
Екі есе өседі: Қазақстан биыл студенттер мен магистранттардың шәкіртақысы өседі
Фото: kursiv.media

Мазмұны

    Қазақстан студенттерінің стипендиясы 2025-2026 оқу жылында екі есеге өседі. Аталмыш өзгеріс колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне қатысты болмақ. Магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,75 есеге артады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

    «2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриат студенттерінің стипендиясы 52 372 теңгеге дейін өседі, педагогикалық және медициналық мамандықтарда оқитындардың стипендиясы – 84 000 теңге, магистранттардың стипендиясы – 117 098 теңге, докторанттардың стипендиясы – 262 500 теңге болады», – делінген министрлік хабарламасында.

    Сонымен қатар, студенттердің жекелеген топтары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді.

    «Жоғары немесе кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға бакалавриат студенттеріне – 94 651 теңге, магистранттарға – 204 921 теңге, докторанттарға – 459 375 теңге үстемеақы белгіленді»

    Жанерке МҰРАТ,

    "Тұран" университеті

    Журналистика факультетінің 4 курс студенті

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы