logo
search
menu

«Швейцария, Италия»: Ерке Есмахан отбасымен қалай демалып жүр? (видео)

Ерке Есмахан мен Райм – қазақстандық шоу-бизнестің жарасымды жұптарының бірі, қазіргі таңда Еуропада отбасымен демалып жүр.

13 қаңтар, 2025
«Швейцария, Италия»: Ерке Есмахан отбасымен қалай демалып жүр? (видео)
Фото: Instagram/erke_esmahan

Мазмұны

    Өнер жұлдыздары бұл жолы шетелге ұзақ уақытқа кеткенін мәлімдеген болатын.Жұлдызды отбасының демалысы алдымен Италиядан басталды. Олар Милан қаласының көрікті жерлерін аралап, мәдени орындарға саяхат жасады.

    Ерке мен Райм балаларына да ерекше көңіл бөліп, оларды қыдыртты. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар әйгілі La Scala театрында қойылған "Щелкунчик" спектаклін тамашалады.

    Италиядағы қызықты күндерінен кейін жұлдызды жанұя Швейцарияға сапар шекті. Бұл туралы Ерке Есмахан өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, пойыздан түсірілген отбасылық бейнежазбасын жариялады. Желі қолданушылары олардың саяхатына тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.

    "Әлемнің әдемі жерлерін көруге мүмкіндік берген Аллаға шүкір. Барлық нығмет ниеттен басталады. Италиядан Швейцарияға жол тарттық", – деп жазды әнші.