logo
search
menu

Екінші нарықтағы үйдің бағасы қай қалада шарықтап өсіп келеді?

Еліміз бойынша бір шаршы метрдің орташа бағасы 379 мың теңге болса, Алматыдағы көрсеткіш 732 мың теңгеге жетіп, ең қымбат қала ретінде көш бастап тұр.

13 қаңтар, 2025
Екінші нарықтағы үйдің бағасы қай қалада шарықтап өсіп келеді?
Фото: shutterstock.com

Мазмұны

    2024 жылдың соңғы айларында екінші нарықтағы тұрғын үй (вторичное жилье) бағасының орташа өсімі 1%-ды құрады. Қараша және желтоқсан айларында баға тұрақты түрде өскен.

    Қай қалаларда баға ең көп өсті?

    2024 жылдың соңында пәтер бағасының ең жоғары өсім көшін бастап тұрған үш қала: Астана(+2,7%), Шымкент (+2.1%), (Атырау +2%). Өзге қалаларда бағаның өсуі 1,5%-дан аспаған. 

    Еліміз бойынша екінші нарықтағы тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метрге 379 мың теңгені құрады. Ең жоғары баға Алматыда – 732 мың теңге/шаршы метр. Ал ең төменгі баға Қызылордада – 240 мың теңге/шаршы метр.

    Жылдық өзгерістерге назар аударсақ екінші деңгейдегі тұрғын үй бағасы республика бойынша орта есеппен 2%-ға өсті. Ең көп өсім: Ақтау (+14.2 %), Астана (+5.7 %), Орал (+5.3 %) қалаларында байқалды. 

    Ал Алматыда бағаның өсуі 1.6%, Шымкентте 1.2% деңгейінде болды.

    Дереккөз: Krisha.kz.

    Жанерке МҰРАТ,

    "Тұран" университеті

    Журналистика факультетінің 4 курс студенті.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы