Бұл қызметке полиция полковнигі Асхат Бекенов келгені туралы ақпарат басқарманың Instagram парақшасында жарияланды.
"Құрметті Талғар ауданының тұрғындары! Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Асхат Барлыбаевич Бекенов тағайындалды", – деп мәлімдеді басқарма.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Асхат Бекенов 1980 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданында дүниеге келген. Ол 2001 жылы Қарағанды заң институтын тәмамдаған. Ішкі істер саласында 1997 жылдың тамызынан бастап қызмет етіп келеді. Еңбек жолын Павлодар облысы Қашыр ауданының ішкі істер басқармасында жедел уәкіл қызметінен бастаған.
Жаңа қызметке келгенге дейін ол Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.