Әнші ер адамдардың жетістігін әйелдерінің еңбегі деп санайтын пікірлер жайлы сөз қозғады.
Өнер иесі Instagram парақшасында қазіргі таңда күйеуінің жетістігін өз еңбегімен байланыстыратын әйелдердің көбейгенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай тұжырымды ер адамдар да қабылдап, әйелдерін құрметтейді. Дегенмен, Байырбекова бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді.
"Күйеуі еңбекқор, табысты, абыройлы, жетістікке жетіп жатқан келіншектер күйеуінің осындай дәрежеге жеткені "менің мықты, ақылды болғанымнан" яғни "күйеуімді осылай мен жасадым" деп жатады әйелдер арасында. Бір қызығы жетістікке жетіп, өсіп жатқан жігіттер әйелінің осы ойына сенеді, мойындайды, әйелін құрметтейді. Ал өзгергісі, дамығысы, өскісі келмейтін, жалқау, қырсық, керітартпа жігіттерді өзгерту әйелдің қолынан келе ма қалай ойлайсыздар? Менің ойымша, ер адамның табысты, мейірімді, отбасына қамқор болуы үйленгенге дейінгі болмысы сияқты", – деп жазды әнші.