logo
search
menu

«Мені әлі ұмытқан жоқ»: Жанар Дұғалова көпшілікті таңғалдырды

Жанар Дұғалованың айтуынша, жас буын оның өнерін құрметтейді және онымен бірге шығармашылық туындылар жасағысы келеді.

15 қаңтар, 2025
«Мені әлі ұмытқан жоқ»: Жанар Дұғалова көпшілікті таңғалдырды
Фото: Instagram/zhanar_dugalova

Мазмұны

    Қазақстандық танымал әнші Жанар Дұғалова Revue News бағдарламасына берген сұқбатында шығармашылық жоспарларын бөлісіп, жас буын өкілдерімен дуэт жазу мүмкіндігін айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Сахнадан ұзақ уақыт бойы көрінбей кеткен өнер иесі көпшіліктің оны ұмытпағанын және жас әншілер тарапынан дуэт жасауға ұсыныстар түсіп жатқанын жеткізді.

    "Жас буын мені қуантып жатыр. Ұсыныстар әлі де түседі. Яғни мені әлі де ұмытқан жоқ. Мені құрметтейді, менімен ән салғысы келеді. Бірақ маған келетін репертуар әлі естімедім", - деді әнші.

    Сонымен қатар, Жанар бүгінгі жас жұлдыздардың ішінде Садраддин мен Калифарния секілді дарынды әншілердің шығармашылығын жоғары бағалайтынын айтты. "Маған қазіргілерден Садраддин мен Калифарния секілді талантты жігіттер өте ұнайды", - деп атап өтті ол.