logo
search
menu

«Өзімді кінәлі сезініп тұрмын»: Мақпал Жүнісова тосын мәлімдеме жасады (видео)

Мақпал Жүнісова жасанды интеллект арқылы жасалған әнге қатысты пікір білдірді

22 қаңтар, 2025
«Өзімді кінәлі сезініп тұрмын»: Мақпал Жүнісова тосын мәлімдеме жасады (видео)
Фото: instagram/zhunusova.makpal

Мазмұны

    Танымал қазақ әншісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желілерде жасанды интеллект көмегімен жасалған ағылшын тіліндегі әнге қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Желіде Розе мен Бруно Марстың орындауындағы "ART" хиті жасанды интеллект арқылы Мақпал Жүнісованың дауысында орындалған нұсқасы кеңінен тарады. Алайда әнші бұл жағдайға көңілі толмайтынын жеткізді.

    "Ел арна" телеарнасына берген сұқбатында өнер иесі бұл жағдай өзін ыңғайсыз сезіндіргенін айтты.

    "Бәрі таратып жатыр, бірақ маған ұнамайды. Ауылда туған қазақтың қызымын ғой. Мен ағылшынша орындамағаннан кейін, осындай видеолар мені ұрлықшы сияқты етіп көрсетеді. Өзімді кінәлі сезініп тұрмын. Маған мұндай жараспайды, қазақтың иісі аңқыған қызбын, қазақ тілінде ғана жақсы орындай аламын", – деді әнші.

    Сонымен қатар, Жүнісова өз дауысын заңсыз пайдаланып жүргендерге қатысты пікірін білдіріп, оларды заң бұзушылар деп атады.

    "Жасанды интеллект арқылы осындай дүниелерді жасайды екен. Мен бұған қарсымын. Олардың барлығымен соттасып жүруге уақытым жоқ. Бірақ бұл заң бұзушылық деп есептеймін", – деп ескерту жасады ол.