Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search

Отбасы банкінің салымшылары мемлекеттік сыйақыны қашан ала алады?

Баспана алуға қаражат жинақтаушыларға мемлекет тарапынан берілетін қаржылық қолдауды Отбасы банкінің салымшылары ала алады, деп Taulik.kz Krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Отбасы банкінің салымшылары мемлекеттік сыйақыны қашан ала алады?
Фото: shutterstock.com

Мемлекеттік сыйақы дегеніміз не?

Мемлекеттік сыйақы – өз баспанасына қаржы жинақтап жатқан азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін қолдау. Оны тек тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін Отбасы банкі салымшылары ала алады. Сыйақы депозиттерге жылына бір рет есептеледі. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Соңғы жылдары бұл сыйақы бюджетке 75-80 миллиард теңгеге түсуде.

Салымшылар қанша теңге алады?

Сыйақы мөлшері жыл ішінде жиналған соманың 20 %-ына тең, бірақ 200 АЕК-тен аспайды. Мемлекеттік сыйақы депозитке 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін салынған қаражатқа есептеледі.

Егер жинақ сомасы 200 АЕК-тен асатын болса, лимиттен асқан сомадан сыйақы келесі жылы есептеледі.

Мемлекеттік сыйақының ең жоғарғы сомасы

2024 жылы мемлекеттік сыйақының ең жоғарғы мөлшері – 147 680 теңге.

Бұл соманы жыл ішінде депозитін 200 АЕК көлемінде, яғни 738 мың теңгеге толықтырған салымшылар ала алады.

Сыйақы 2025 жылдың 1 наурызына дейін есептеледі, барлық салымшыларға бір уақытта беріледі.

МРП мөлшеріне байланысты 2025 жылы ең жоғарғы сыйақы сомасы 157 280 теңге болады. Ол 2026 жылдың көктемінде төленеді.

Кімдер мемлекеттік сыйақы ала алмайды?

Мемлекеттік сыйақы келесі жағдайларда төленбейді:

  • Бұрын сыйақы есептелген салымға. Егер сіз депозит ашып, белгілі бір соманы салсаңыз, сыйақы тек алғашқы жылы беріледі. Депозит толықтырылмаса, сыйақы төленбейді.
  • Егер депозит мерзімінен бұрын (үш жылға жетпей) жабылса. Мұндай жағдайда тек салынған қаражат пен банк сыйақысын (жылына 2 %) алуға болады.

Қазіргі уақытта депозитке үш жылдан астам уақыт бойы қаржы жинап, ипотека рәсімдемеген салымшыларға бұрын есептелген сыйақыны қайтару мәселесі қарастырылуда. Қазіргі ережеге сәйкес, үш жылдан кейін келісімшарт бұзылса, салымшы есептелген сыйақы мен банк пайызын толық ала алады.

Егер салымшының бірнеше депозиті болса, сыйақы тек бір депозитке ғана есептеледі. Сондықтан салымдарды отбасы мүшелерінің атына ашқан тиімдірек, мысалы, ата-аналар мен балаларға – бұл жағдайда барлық салымшылар сыйақы алады.

Айжан ЖАРАСБЕКОВА,

"Тұран" университеті

Журналистика факультетінің 4 курс студенті.