Qazaqstan ұлттық арнасының Telegram желісіндегі арнасының мәліметінше, өрттен қаза тапқандардың үшеуі бала. Қайғылы оқиға Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында тіркелді.
Аудандық әкімдік мәліметінше, жанып кеткен үйде жалғызбасты әке мен 4 бала тұрып келген. Оқиға орнында іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.