logo
search
menu

«Некелерің мәңгілік болсын»: Жанар Айжанованың қызы сүйіктісімен некесін қиды (видео)

Айжұлдыз Адайбекова мешітте сүйіктісі Сәкен Қағаровпен некесін қиды

Бүгін, 11:59
«Некелерің мәңгілік болсын»: Жанар Айжанованың қызы сүйіктісімен некесін қиды (видео)
Скриншот: Instagram / aizhuldyz_adaibekova

Мазмұны

    Отандық танымал блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова өзінің сүйіктісі, экстрим-блогер Сәкен Қағаровпен мешітте неке қидырды, деп хабарлайды Taulik.kz.

    Айжұлдыз әлеуметтік желідегі парақшасында некелесу рәсімінен үзінді видео жариялап, оған: "Әрекет пен дұға түбі береке. 24.01.2025. Ерлі-зайыпты" деп жазба қалдырған.

    Желі қолданушылары блогерді құттықтап, ақ тілектерін білдіруде. Олар: "Құттықтаймыз!", "Мәңгілік бақыт тілейміз", "Некелерің баянды болсын", "Бақытты болыңдар!", деп жылы лебіздерін жазған.

    Айта кетейік, бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова Сәкен Қағаровпен қарым-қатынасын жария етіп, көп ұзамай сүйіктісінің оған үйленуге ұсыныс жасағанын да бөліскен болатын.

     

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы